Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары сауда кедергілерін жоюға дайын
Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері бірқатар мәселені талқылап, Еуразиялық экономикалық одақ аясында екі елдің ынтымақтастығын жақсартатын келісімдерге келді.
Қос мемлекеттің өзара ынтымақтастығы Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасының үкімет басшысы Мухаммедкалы Абылгазиевтың телефон арқылы өткізген келіссөздерінің басты тақырыбы болды, деп хабарлайды Қырғызстан үкіметінің ресми сайты.
"Әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды, сонымен бірге бірқатар сұрақ бойынша өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту әлеуеті туралы сөз қозғалған", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, екі елдің үкімет басшылары атап өткендей, болашақта өзара ынтымақтастыққа қатысты кез келген мәселенің, оның ішінде оқтын-оқтын туындап тұратын өзара сауда кедергілерінің тиімді шешімін тауып отыру аса маңызды болып саналады.
Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасын әрі қарай дамыту туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан.
"Біз достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті дамытуға зор мән береміз. Үкіметтеріміздің осы бағыттағы тиімді жұмысы екі елдің қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп үміттенемін", — дейді мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан елшісінен сенім грамотасын алды. Назарбаев атап өткендей, Қырғызстан Орталық Азиядағы маңызды серіктес қана емес, тарихи түп-тамыры бір бауырлас мемлекет.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-сайт правительства Кыргызской Республики