Адамдардың түрін "құбыжыққа" айналдырған хирургті сотқа берді

17 декабря 2018 Адамдардың түрін "құбыжыққа" айналдырған хирургті сотқа берді

Дәрігердің отасынан кейін кісі шошырлық кейіпке енген жәбірелнушілер оны лицензиясынан айыру үшін, суреттерін жариялады

Науқастар түр-келбетін адам танымастай етіп, "құбыжыққа" айналдырған пластикалық хирургты сотқа берді. Ондаған жәбірленуші ажарлана түсі үшін және безеу тыртықтарын кетіру үшін арам ниетті дәрігерге сеніп қалған екен. Алайда отадан кейін олар айнадағы өз бейнесін танымаған, деп хабарлайды The Sun.

Кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмды

Батыс Бразилиядағы Гояна қаласында хиругтың қолынан кем дегенде қырық адам зардап шеккен.

Уэсли Мураками пациенттеріне улы препарат егіп, салдарынан науқастардың беті қатты ісіп кеткен. Ал негізінде ер адамның дәрігерлік біліктілігі болмапты.

Кей зардап шегушілер дәрігердің лицензиясын тартып алу үшін, фотосуреттерімен бөлісті.

35 жастағы ер адам бетіндегі тыртықтарды кетіру үшін биопластика жасатпақ болған екен. Науқас төрт жыл бойы бетін қалпына келтіруге тырысқанымен, еш нәтиже бермепті.

"Доктор Уэсли тыртықтар мен безеулер кетеді деп уәде берген еді, бірақ орны толмас қателікке ұрынатынымды кім білген. Ботокс сияқты уақыт өте кетіп қала ма деп ойлағам", — дейді ол.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-CC0 / StockSnap