Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін және қазіргі кездегі барлық жағдайды толығырақ түсіну үшін бүгінгі күні өңірде орныққан негізгі қатерлер мен сын-тегеуріндерге назар аудару қажет.
Мұндай сындар қатарына экономикалық контрабанда және наркотрафик, заңсыз көші-қон, діни экстремизм, ішінара энергетикалық қауіпсіздік, Ауғанстандағы қақтығыстар жатады, сондай-ақ соңғы уақытта басқарушы элиталардың ауысуының нәтижесінде өңірдегі саяси тұрақсыздық қатері жиі ауызға алынуда. Соңғы жайт Өзбекстанда 2016 жылы президент Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты биліктің ауысуы кезінде ерекше аңғарылды. Өзбекстан Республикасының жаңа президенті халықаралық кеңістікте бастама көтергіш, белсенді. Ауғанстанда бейбіт келіссөздер жүргізуге дайындық жөніндегі Ташкент конференциясы бірлескен жобаға айналды, онда қабылданған қарар Талибан мен ресми Кабул арасындағы диалогтың Мәскеулік форматының жаңғыруына септігін тигізді. Ташкент конференциясы халықаралық қауымдастықты ауған мәселесін бейбіт жолмен шешуден басқа баламаның жоқ екендігіне көндіруге бағытталған.
Ұзақ мерзімді перспективада Ташкент Ауғанстандағы жағдайды реттеудің орны ретінде пайдаланылуы тиіс. Қазір Тәжікстанның шекараларда орналасқан аудандары бұл тұрғыдан үлкен рөл атқаруда. Осыған байланысты ауған ауыртпалығын шешудің ұзақ мерзімді бірлескен орталық-азиялық кеңістігін кеңейту мәселесі өздігінен туындайды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолдап отыру мақсатына толығырақ қол жеткізу үшін Ресей посткеңестік Орталық Азия аумағында қалыптасқан әртүрлі институттар арқылы ықпал ету механизмдерін қолдануда, соның ішінде ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ ерекше атап өту қажет. Олардың бәрінде бірдей басты рөлдің Ресейге тиесілі емес екені белгілі. Бұған бағынбайтын ереже -ШЫҰ, оны құру бастамасын Қытай 2001 жылы көтерген еді.
Көптеген елдердің аумағында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы Орталық Азияның аумағында «халифат» құруды жоспарлауда. Бұл жөнінде ТМД антитеррористік орталығының басшысы Андрей Новиков «Ыстықкөл-Антитеррор-2018» оқуларының аясында ТМД елдерінің арнайы қызметтері органдарының антитеррористік бөлімшелері басшыларының мәжілісінде сөйлеген сөзінде айтып кетті. Олардың осы өңірде террористердің «ұйқыдағы» ұяшықтарын белсендіруге тырысқандарынан байқалатынын нақтылады.
Қырғызстанның Вице-премьері Жениш Разаков сонымен қатар ТМД мен Орталық Азияда террористік әскери күштері тарапынан қауіптің артып келе жатқанына қынжылатынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл қауіп ұзақ мерзімді сипатта. Бішкектің мұндай ұстанымы аяқ астынан пайда болған жоқ, келесі 2019 жылы ҰҚШҰ-дағы ұжымдық қауіпсіздік мәселелері бойынша төрағалықты Қырғыз Республикасы атқаратын болады.
Жағдайды ушықтыру мақсатында Ауғанстанның солтүстігінен өңірге енуге тырмысқан террористердің қитұрқы әрекеттері көбірек алаңдатады.
Тілге тиек ететін болсақ, осы жылдың маусым айында ФҚК директорының орынбасары Игорь Сироткиннің айтуынша, ИГ лаңкестерінің әлемге төндіріп тұрған қатері сейілер емес. Сондықтан Орталық Азия елдерінің көшбасшылары қауіпсіздік мәселелерін ынтымақтастықпен байыпты шешулері тиіс.
14 қарашада Токмоке қаласында өткен ТМД Шекара әскері кеңесінің отырысында шекара бөлімшелерінің ТМД оңтүстік көкжиектеріндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзара әрекеттестігін қалай жақсартуға болатыны көрсетілді. Заманауи тенденцияларға сүйене отырып, шекара әскерлерін шекара қорғаудың жаңа құралдарымен жарақтандыру аясында әріптестер арасында перспективалық жасақтамалармен кең көлемде алмасу қажеттігі сөз болды. Бұл салада радикалды ұйымдар мүшелерінің ОАӨ-не ендеп кіруіне тосқауыл қою жөніндегі бірлескен жұмыстарға белсенді түрде қосылуы құптарлық іс. Ауғанстан аумағынан қаруланған жасақтар кірген жағдайда және Қарулы күштердің кейбір бөліктері мен ІІМ бейтараптық танытқан жағдайда Түркіменстанға сыртқы қатерге жалғыз төтеп беру қиынға соғатыны белгілі. Бұған байланысты ОАӨ елдерінің Түркіменстанның шекара қауіпсіздігін нығайтуға көмек қолын созуы өңірдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл тұрғыдан 2018 жылдың наурызында Астана қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен саммит өңірде туындаған қиындықтарды бірге, ойдағыдай шешуде негіз болды.
Халықаралық шолушылардың пікірінше, бұл басқосулар кеңес беру және ресми емес сипатта болғанымен, Орталық Азия республикаларына мәселелерді талқылау үшін жоғары деңгейде байыпты платформа құрылғаны туралы мәлімдеме жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда Орталық Азия мемлекеттерінің үйлестірілген және тиімді қызметі ОАӨ шынайы интеграциялық құрылым деңгейіне көтеріп, өңірді саяси және экономикалық кеңістіктегі әлемдік ойыншылар қатарына қосатыны сөзсіз.