Министрлік шекарадан өтуді ойлағандар мен тасымалдаушылардан шектеуді ескеріп өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады
Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті осы жылдың 21 мен 23 наурызы аралығында жұмыс істемейді.
Шектеу Қазақстанда Наурыз мейрамын атап өтуге байланысты енгізілді, деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бұл күндері адамдар, көліктер мен жүктер мемлекеттік шекарадан өткізілмейді", - делінген хабарламада.
Министрлік тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді ойлағандардан шектеуді ескеріп өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
"Нұр жолы" өткізу бекеті Алматы облысында 2018 жылы қыркүйекте ашылды. Ол Қытаймен шекарадан үлкен жүк көліктері және жеңіл автокөліктермен, сондай-ақ жолаушылар автобустарымен өтуге арналған.
Қазақстанда Наурыз мейрамы 21 мен 23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мерекенің алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар қатарынан бес күн – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз демалады.