28 жастағы жолаушы әйел қаза болды, жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Жеңіл автокөлікке де қатты зақым келді
Алматы облысында Арқарлы асуында жас әйел жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, 22 жастағы "Toyota Camry" жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. Жол апаты 19-нан 20 наурызға қараған түні "Алматы – Өскемен" тас жолының 149 шақырымында болды.
Салдарынан көлікте отырған 28 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. Иномарка жүргізушісі қатты зардап шекті, ол Кербұлақ аудандық ауруханасына жатқызылды.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жылқы иесінің анықталып-анықталмағаны әзірге белгісіз.
Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде жарияланды. Жазбада жеңіл көліктің жылқымен соқтығысы Арқарлы асуында болғаны нақтыланған.
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/incidents/20210320/16588491/Almaty-Oskemen-tas-jol.html