Джеки Чан өз өміріндегі адам шошырлық жәйттарды жасырмай ақтарып салды

3 декабря 2018 Джеки Чан өз өміріндегі адам шошырлық жәйттарды жасырмай ақтарып салды

Танымал актер Джеки Чан өз өмірі туралы кітабында біраз сырын ақтарып салған

 Танымал қытайлық және америкалық актер Джеки Чан өзінің "Never Grow Up" ("Ешқашан есейме") мемуарында өміріндегі бар шындықты жайып салды. Мәселен, ол нашар әке болғанын және әйелдерге жаман көзбен қарағанын мойындады, деп жазады Daily Mail.

Актер кітабында арақ көп ішкенін, жезөкшелерге көп барғанын, тіпті баласына зорлық-зомбылық көрсеткенін жазады. Сондай-ақ, ол рөлге жиі мас күйінде отырғанын, бірде бір күннің ішінде екі қымбат автокөліктің күл-талқанын шығарғанын мойындады. 

"Кедейлікте өмір сүрген адамға ақша сенімділік береді. Маған жанымда көп адамның болғаны ұнайтын, әркез үлкен компаниямен тамақ ішетін едім. Он жыл бұрын мен бір жылдың ішінде басқа адамдардың тамағына екі миллион доллар жұмсадым. Мен ерекше сыйлықтар жасайтынмын: сағат, көлік, қолмен тігілген былғары күрткелер, қорабымен қымбат шарап", — деп жазады Джеки Чан. 

Бұдан бөлек, ол өзінің бірінші қызына көрсеткен нашар қарым-қатынасын да айтып берген. Оның айтуынша, үйге бара жатып, бойжеткеннің күтіп отырғанын біле тұра, қызбен уақыт өткізбеу үшін қайта бұрылып кетіп отырады екен. 

Сонымен қатар, актер бірінші әйелі Жоан Линьнен ақшасын тыққанын еске алады, ол қызға өзінің тек ақшасы керек деп есептеген. Бірде, Джеки Чанның айтуынша, әйелімен ұрсысып жатқан кезде кішкентай баласы Джейсиді жұлып алып, оны лақтырып жіберген. Кейін келіншегінің көзіне шөп салып, актриса және бұрынғы "Азия аруы" Элейн Нгмен кездесіп жүрген. 

"Мен жақсы әке немесе жақсы күйеу болған жоқпын, бірақ ұлым мен оның анасына деген өз парызымды орындадым", — деп әңгімелейді Джеки Чан.

Бірақ актер жаман қылықтарды есеймегендіктен және өз-өзіне сенімсіз болғандықтан жасағанын айтады. 



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото - © Sputnik / Владимир Астапкович