Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек көрсетіледі

30 ноября 2018 Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға 10 822 теңгеден беріледі

 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қалалықтарға әлеуметтік төлемдер беріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті алатын астаналықтарға беріледі. Бұл санатқа жан басына шаққандағы орташа табыстары кедейлік шегінен төмен азаматтар кіреді. Ол күнкөріс минимумының 50 %-ын құрайды. 

Астана қаласының Алматы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы Инна Филаретованың айтуынша, елордадағы кедейлік шегі — 16 497 теңге. Жағдайы осы деңгейден төмен адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы көлемінде отбасының әр мүшесіне төленетін қосымша төлемді алуға құқы бар.

Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақы туралы толық ақпарат 

Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға арналған әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 4,5 АЕК (10 822 теңге) құрайды.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото - © Sputnik / Болат Шайхинов