Жолға шыққан жүк көліктеріне жасанды тыныс алдыру аппараттары мен Қазақстанда жасалған маскалар тиелген
Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға 389 миллион теңге немесе 916 мың доллардың гуманитарлық жүгін жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қырғыз Республикасына жүк көлігімен "Көкшетау-4П" жасанды тыныс алдыру мобильді аппараттарының 400 жинағы мен Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық маска жөнелтілді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 миллион теңгеге жуықтайды, атап айтқанда "Тыныс" АҚ шығарған "Көкшетау-4П" аппараттарының құны 328 миллион теңгеге, "Dolce pharm" ЖШС және "Mega pharm" ЖШС шығарған медициналық маскалардың құны 61 миллион теңгеге бағаланды.
Оқи отырыңыз: Қырғызстан президенті Тоқаевқа алғыс білдірді
Жүк мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Қазақстан үкіметінің қаулысын орындау аясында жөнелтілді.