Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 46 адам қайтыс болды

19 ноября 2020 Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 46 адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы Қазақстанда 122 335 адамнан коронавирус анықталды, 1 959 адам қайтыс болғаны хабарланып отыр

 Қазақстанда бір аптада коронавирус инфекциясынан 46 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Инфекциядан қайтыс болғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысы (14) мен Алматы қаласында (12) тіркелген.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, 9-15 қараша аралығында 46 адам көз жұмды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 4;

Алматы қаласы – 12;

Шымкент қаласы – 1;

Ақмола облысы – 5;

Ақтөбе облысы – 1;

Алматы облысы – 1;

Атырау облысы – 1;

Шығыс Қазақстан облысы – 14;

Батыс Қазақстан облысы – 2;

Қарағанды облысы – 1;

Қостанай облысы – 1;

Маңғыстау облысы – 1;

Павлодар облысы – 2.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 122 335 адамнан коронавирус анықталды, 1 959 адам қайтыс болды.