Қазақстанның 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

27 ноября 2018 Қазақстанның 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Бұрқасын, көктайғақ және күшті жел – синоптиктер Қазақстанның кейбір аймақтарының тұрғындары неден қауіптенуі керек екенін айтты

 "Қазгидромет" Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жариялады.

"Ертең, 27 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шымкент қаласында 27 қарашада кей уақытта тұман, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді", — деп ескертті синоптиктер.

Күздің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Түнде және таңертең Маңғыстау облысы аумағының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп болжанып отыр. 



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото - © Sputnik / Кирилл Каллиников