1 сентября 2020
ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі KASE-ге сілтеме жасап.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 29 тамыз кешімен салыстырғанда 0,59 теңгеге құлдырап, 1 доллары 419,52 теңгені құраған. Ұлттық банктің 1 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 420,11 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 420,95 теңге, сатып алу – 419,36 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 420,24 теңгеден болса, ал сатып алу – 410,05 теңге.