Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады - Президент

1 сентября 2020 Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады - Президент

ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмысы жайлы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі.

Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз» деп атап өтті Мемлекет басшысы Жолдау барысында. Оның айтуынша, Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. «Бұл орталықтар еліміздің беткеұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді», - деді Қ. Тоқаев.