Қазақстандық әйелдер мен балалар Сирия мен Ирактан қайтарылатын болды

24 ноября 2018 Қазақстандық әйелдер мен балалар Сирия мен Ирактан қайтарылатын болды

Сирия мен Иракқа кетіп қалған қазақстандық әйелдер мен балаларды Қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған арнайы топ елге қайтаратын болды. Бұл туралыSputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қарулы соғыс аудандарына кетіп қалған әйелдердің жанұялары мекемеге көмек сұрап хабарласқан.

Осыған байланысты министрлікте Сирия мен Иракқа кетіп қалған келіншектер мен балаларды қайтару үшін арнайы топ құрылды.

Ал мекеме өкілдері олардың туыстарына арнайы топтың қалай ұйымдасқаны және Қазақстан азаматшаларын отанына әкелу үшін не керек екенін нақты түсіндіріп берді.

 

Источник: nur.kz ©NUR.KZ