"Гипноздап тастады": Алматылық азамат 1,5 мың долларынан қалай айырылып қалғанын айтты

24 ноября 2018 "Гипноздап тастады": Алматылық азамат 1,5 мың долларынан қалай айырылып қалғанын айтты

NUR.KZ редакциясына хабарласқан оңтүстік астаналық Әсет Серғазы есімді азамат банктегі шотынан 1,5 мың доллардың қалай ұрланғанын айтып берді. Оның сөзінше, өзін гипноздаған әйел оған сенімді нөмірді ауыстырып, өз ЖСН нөмірін айтқан екен.

Әсет өзінің кәсіппен айналысатынын, нақты айтқанда ғаламтор желісінде киім сататынын айтты.

Оның сөзінше, өткен жексенбіде оған белгісіз әйел хабарласып, өзіне ұнаған шубаны алып қалуын өтініпті.

"Ол бір шубаны алып қалып, оны ешкімге сатпауымды сұрады. Қазір ала алмайтынын айтты. Кепілдік есебінде ол мааған алдын ала ақша ұсынатынын айтты", -деді Әсет Серғазы.

Азамат алаяқ әйелдің өзінен ЖСН нөмірін сұрағанын есіне алды.

Содан кейін келіншек картаның сенімді байланыс нөмірін өзгертуді сұрапты.

"Ол солай істеуімді сұрады. Мен істедім, Нөмірімді ауыстырып, сол айтқан нөмірді енгіздім", -дейді Әсет.

Жәбірленушінің сөзінше, бірнеше уақыттан кейін оның шотындағы ақшалардың барлығы жоғалып кеткен. Сондай-ақ, Әсетте депозитте түрған 1,5 мың доллар да ұшты-күйлі жоқ болып кетіпті.

"Мені қалай алдап қойғанын түсіне алар емеспін. Заңгер ретінде мен барлық алдаудың түрлерін сезіп қоямын. Бірақ, ол мені гипноздап тастағандай болды, ал мен оның ырқына көніп қалдым". -деді азамат.

Ол алаяқты табу үшін полицияға арыз жазған.

NUR.KZ тілшісі бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Алматы полиция департаментіне хабарласты.

Мекеменің баспасөз қызметінде аталған азамат расында да алаяқтық фактісі бойынша арыз тастағанын жеткізді.

"Арыз беруші барлығы қалай болғанын толық айтып берді. Тәжірибелі іздеушілерден мамандандырылған жедел топ құрылды.

Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және қылмысты ашу үшін барлық тиісті шаралар қолданылып жатыр",- дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, онда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Источник: nur.kz, фото - © Көрнекі фото: Express-k.kz