2018 жылдың 7 наурыз күні маркиз Куинсберридің қызы есірткі салдарынан көз жұмған. 18 жастағы танымал скрипкашы Бет Дуглас соңғы түнін Лондондағы әйгілі нашақордың үйінде өткізген деп хабарлайды Fishki.net сайтына сілтеме жасағанNUR.KZ.
Бұл қайғылы жағдай Куинсберридің басына қара бұлт үйірілгенін тағы бір рет дәлелелдесе, британиялық басылымдарға жас ару туралы адам сенгісіз жаңалықтар шыға бастады.
Ару Лондондағы Ноттинг-Хиллда есірткіні асыра пайдалу салдарынан қайтыс болған.
Оның ес-түссіз жатқан жерінен өз ғашығы, келген қонақтардың бірі Дженан Карголи тауып алыпты.
Артынша тергеу үшін марқұмның теелфонын алған полицейлер жан түршігерлік жағдайды анықтаған екен.
Бірнеше ай бұрын 12 маркиз Куинсберридің қызы есірткі пайдаланып, оған қажетті ақшаны жөзекшелікпен тауып жүріпті.
"Мен бұрын-соңды есірткі пайдаланбаған қыздың қайтыс болып кеткенін түсіне алар емеспін. Ол алғаш рет өзіне олай екпе жасай алмас еді, оған біреу көмектескен шығар. Бірақ, полиция бұл жағдайды анықтауға күш салмай жатыр", -дейді Беттің туысы.
88 жастағы маркиздің сегіз баласы бар. Бэт оның төртінші әйелінен туған қыз.
Бет леди алты жасында скрипкада ойнап, түрлі музыкалық конкурстардың жеңімпазы атанған. 2007 жылы оның ата-анасы айырылысса, 2009 жылы 34 жастағы ағасы Майло өз-өзіне қол жұмсаған.
Ал 14 жасында Comic Con фестиваліне барған аруды белгісіз азамат зорлап тастапты.
Алғашында виртуалды төсек қатынасы арқылы ақша тапқан ару жөзекшелікпен айналысып кеткен.
Источник: nur.kz Фото: dailymail.co.uk