Танымал тележүргізуші Рахман Омардың бірінші әйелін биылғы жылдың жазында пәтер жалдаушы келіншек асқан жауыздықпен өлтірген болатын. Сот отырысында Сүлейменованың (ред: Гүлдерайым Омарованы өлтірген күдікті) жантүршігерлік қылмысты есі дұрыс күйінде жасағаны анықталды деп хабарлайды КТК арнасы.
Гүлдерайым Омарованы өлтірді деген күдікке ілінген Сүлейменова оның денесіне терең сегіз пышақ жарақатын салған.
Алған жарақаттан тележүргізушінің бірінші әйелі оқиға орнында қаза тауыпты.
Ал Сүлейменова оның киімдерін кір жуғыш машинамен жуып, аяқ киімін пакетке орап қойған.
"Күдікті Гүлдерайым Омароваға терең пышақ іздерін салған. Бірнеше қайтара жасалған соққыдан Омарова бірден көз жұмған. Жарақаттарды ескере келе, марқұмның денсаулығына аса ауыр зиян келтірген деген қорытынды жасалды", - деді мемлекеттік айыптаушы Ермек Қашағанов.
Ал танымал тележүргізуші бұрынғы әйелін өлтірген күдіктіден 100 миллион өтемақы талап етті.
"Моральдық шығынымызды өтеуді талап еттік. 100 миллион теңге көлемінде. Ол біздің құқығымыз. Бірақ адамның өмірі онымен теңелмейді. Дегенмен де, салмақтың қандай екенін көрсін", - деді марқұмның бұрынғы жары Рахман Омар.
Алайда Сүлейменова бірде-бір мүлкінің жоқтығын алға тартып, көк тиын да төлемейтінін ашық айтқан.
Источник: nur.kz, Фото - © Kaznews.kz,carmen.kz