«Сәтті Жұлдыз» лотереясынан 24 млн ұтып алған қарағандылыққа іздеу салынды

23 ноября 2018 «Сәтті Жұлдыз» лотереясынан 24 млн ұтып алған қарағандылыққа іздеу салынды

Кеше кешке «Loto 6/49» ойынының Арнайы тиражында мультимиллионер анықталды. Ұтыс сомасы 24 564 426 теңгені құрады. Ұтыс «5 сан және бонус шары» санатында шықты. Миллионер сату нүктесінде қарасын әлі көрсетпеді. Жеңімпаздың Қарағанды қаласында Степной 4 шағынауданындағы «Алмаз» дүкенінде ұтыс тіккені белгілі болып отыр.

Сәтті билет сатқан сатушы да ұтыстан құр алақан емес. Ол «Сәтті Жұлдыздан» ұтыстың 1%-ы көлемінде, яғни, 240 000 теңгені сүйінші ретінде алмақ.

Айтып өтетін бір жайт, «Loto 6/49» ойыны 2018 жылдың 21 наурызында алғаш рет көрерменге жол тартты. Бұл лотерея әр сәрсенбі сайын өтеді. Қазіргі таңда «Сәтті Жұлдыз» лотереясы қазақстандықтарға 1 миллиардқа жуық ұтыс ақшасын төледі.

 

Источник: nur.kz