Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

23 ноября 2018 Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Жаңаөзендегі тұрғын үй жарлысынан зардап шеккен 29 жастағы ер адам көз жұмды. Маңғыстау облысының дәрігерлері науқастың өмірі үшін бір апта бойы күрескен деп хабарлайды NUR.KZ.

Азамат 22 қараша күні сағат 12:30 шамасында қайтыс болған.

Оқиғадан зардап шеккен тағы бір тұрғын марқұмның анасы. Оның жағдайы әлі де өзгеріссіз, аса ауыр деп бағалануда. Әйел қазір жасанды аппарат көмегімен тыныс алуда.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болғаны хабарланған еді.

Исочник: nur.kz, Фото - © aif.md