Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр
Петропавлда Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін жүлдегері Виктория Шестопалованы автобус қағып кетті. Ол алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады Петропавловск.news.
Трагедия кеше кешкі сағат 18:00 шамасында Жабаев және Чайковский көшелерінің қиылысында болған. 23 жастағы Петропавл тұрғынын бағдардағы автобус қағып кеткен.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағына сәйкес, "Көлік құралдарын пайдаланатын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды"- деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.
Жол апатының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әрі қарай оқу:sputniknews.kz, фото - © Sputnik / Александр Кондратюк