"Ішіміз күйіп барады!" Әбден ашынған аналар алтын алқаларынан бас тартты

22 ноября 2018 "Ішіміз күйіп барады!" Әбден ашынған аналар алтын алқаларынан бас тартты

Алматы облысында марапат орнына баспана сұраған әйелдерге қатысты дау ушыға түсті

Талдықорғанда көпбалалы батыр аналар марапаттарынан бас тартып, "Алтын алқа" және "Күміс алқаларын" әкімдікке тастап кетті, деп хабарлайды КТК.

15 жылдан бері кезекке тұрып, бір баспанаға зар болған аналарды Талдықорған әкімдігіне кездесуге шақырған екен. Алайда қоғамдық ұйым басшылары әйелдердің адалдығына күмән келтіріп, некесіз бала дүниеге әкелгендерін алға тартады.

"Неге өмірімізге араласасыздар? Айтыңыздаршы! Не үшін? Мен де ажырасып кеткенмін! Не үшін деп сұраңыздаршы ал? Кім біздің сөзімізді сөйлейді? Кім түсінеді бізді? Онсыз да ішіміз күйіп барады!", — дейді ашынған аналар.

Ал Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаев алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ екенін айтып түсіндіруге тырысты.

"Көп отбасылы аналарға үй салу жайында қарап көреміз. Ал бүгінгі күні менің сіздерге беретін 150 шаршы метрлік үйім жоқ", — дейді қала басшысы.

Жөргекпұл: кімге, қалай және қанша төленеді?

Батыр аналар мемлекеттік баспана беру процедурасын айқындап, комиссияға тәуелсіз бақылаушыларды енгізуді сұрайды.

"Бұндай  құрметтің керегі жоқ. Сайтында 130-шы болып тұрмын. Ал ЦОН-ға барсам, 258-ші болып тұрсың дейді. Кейін өз қолдарымен түзеп берді", — дейді көпбалалы аналардың  бірі Айнагүл Тоқпанбетова.

Өкінішке орай, бұл жолы да әйелдердің мәселесі шешілген жоқ. Балаға берілетін жәрдемақыға күнелтіп жүрген олар банктердің шартын орындауға жағдайы келмейді. Енді Талдықорғанның батыр аналары президентке петиция әзірлеп жатыр.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото - © Sputnik / Тимур Батыршин