АҚШ-тың діни еркіндік жөніндегі комиссиясы (USCIRF) Халықаралық діни бостандық жайлы 2020 жылғы есебін жариялап, онда 2019 жылы Қазақстанда діни еркіндік жағдайы сәл жақсарғанын, бірақ елде діни наным-сенім әлі шектелетіні айтылған.
Комиссия Қазақстанда 2011 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы "Дін туралы заң" діни құқықтарды шектейді деп санайды. "Бұл заңмен діни ұйымды тіркеу өте қиын және діни кітаптар мен құжаттарды міндетті түрде сараптамадан өткізу керек. 2019 жылы Кришна, протестанттар, мұсылмандар билік тарапынан аңду болғанын, діни наным-сеніміне қатысты көп сұрақ қойылғанын айтты" деп жазылған есепте.
USCIRF есебінде "Қазақстан билігінде діни ұйымдардың құрушыларының базасын жасайтынын, тізімдегі кейбір адамдар үйіне түнде іздеп келетінін, дін істері департаментіне жиі шақыратынын айтып шағымданатынын" атап өткен.
Комитет есебінде 2019 жылдың соңына дейін 24 сүннит діни сенімі үшін "Таблиғи Жамағат" ұйымына мүше болды деген айыппен қамауда отырғаны жазылған. WhatsApp мессенджеріндегі талқысы үшін тоғыз адам "терроризмді насихаттады", "алауыздық тудырды" деп 5-8 жылға сотталғанын, былтыр шілдеде "Новая жизнь" шіркеуінің үш пасторын 4-5 жылға түрмеге қамалғанын да атап өткен.
USCIRF есебінде Қазақстанда діни әрекеттерге қозғалған әкімшілік істер азайып келе жатқанын көрсеткен. Комиссияның мәліметінше, 2019 жылы 160 іс, 2018 жылы 171 іс, 2017 жылы 284 іс қозғалған.
Комитет Қазақстандағы мектептерге оқушылардың хиджаб киюіне тыйым салынғанын, Қытайдағы қысымнан қашып шекара кесіп өткен этникалық қазақтардың үстінен іс қозғағанын, Шыңжаң қазақтарының мәселесін көтерген белсенді Серікжан Біләштің жауапқа тартылғанын сынады.
Комиссияның АҚШ үкіметіне арнаған ұсыныстарында "Вашингтон Қазақстан билігінен дін туралы заңды жеңілдетуді, діни жиындар үшін қудаламауды талап етуі тиіс" деп жазылған. Комиссия "Қазақстан ішіндегі оқиғалар туралы цензурасыз ақпарат, оның ішінде діни бостандыққа қатысты хабарлар үнемі таратылуы үшін" АҚШ үкіметін Азаттық радиосын тоқтаусыз қаржыландыруға шақырады.
USCIRF былтырғы есебінде де Қазақстандағы діни ахуалды сынаған.