Рамазан-2020: Ораза кестесі шықты

19 апреля 2020

Рамазан айы жеті күннен кейін басталады, Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылға арналған Ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырға дейін созылады.

Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Осы жылы  пітір садақаның мөлшері адам басына 370 теңге деп белгіленді. Төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақа мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.

Карантин кезінде мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намаздары уақытша оқылмайды.

Сонымен қатар, мешіт пен қоғамдық орындарда ауызашар берілмейді.