Түркіменстанда мемлекеттік баспасөзге жарты жылға жазылу аяқталып қалды. Мемлекеттік қызметкерлер мен жоғарғы оқу орындарында оқитындар оған жазылуға міндетті.
Ресми баспасөзге жазылуды мемлекеттік секторлар мен оқу мекемелері жылына екі мәрте қызметкер айлығы мен стидендиядан ақша ұстап қалу арқылы жүзеге асырады.
Газетке жазылушыларды ешкім алдын ала ескертпейді. Көбісі айлықтан немесе стидендиядан ұсталған ақшаны көргенде ғана газетке жазылғанын түсінеді. 2019 жылдың алғашқы жартысына жазылу 25 қарашада аяқталады.
Әдетте бір адамды бірнеше орталық және салалас газеттер мен журналдарға жазады. Түркімен және орыс тілдеріндегі "Түркіменістан" және "Нейтральный Туркменистан" газеттеріне, сонымен бірге астаналықтар үшін "Ашхабад" газетіне, аймақ тұрғындарына облыстық басылымдарға жазылу міндетті.
Бұған қоса, білім саласы қызметкерлері "Билим журналы", "Мугаллымлар газеты", "Туркмен дили" басылымдары мен "Гунеш" журналына жазылуы тиіс. Жарты жылға жазылу құны - 106 манат. (Түркіменстан ОБ бағамымен 30,2 доллар).
Қазіргі таңда елде 29 газет және 34 журнал шығады. Олардың басты бағыты - мемлекеттік насихат және үкімет жетістіктерін дәріптеу. "Түркіменстан" газеті 59 228 тиражбен тарайды.
фото-Current Time