Батыс елдері Душанбені Худжанд колониясындағы бүлікті дұрыстап зерттеуге шақырды

20 ноября 2018 Батыс елдері Душанбені Худжанд колониясындағы бүлікті дұрыстап зерттеуге шақырды

Батыс елдерінің елшілері сейсенбі күні Тәжікстан Бас прокуратуарсы және СІМ өкілдерімен кездесіп, Худжанд колониясындағы бүлік туралы толық ақпарат алуды көздеп отыр.

Бұл туралы АҚШ елшілігінің сенімді өкілі Кевин Коверт Тәжікстанда азаптау мен жауапсыздыққа қарсы күрес жөніндегі азаматтық қоғам коалициясына мүше адам құқығын қорғаушылар мен батыс дипломаттарымен кездесуінде мәлімдеді. Бұл кездесу Ұлыбританияның Душанбедегі елшілігінде 19 қарашада өтті.

Худжандтағы №3/3 колонияда шыққан бүліктен, ресми емес мәлімет бойынша, шамамен 50 адам қаза тапқан, ондаған жазасын өтеуші жараланған. Колонияның алты күзетшісі ауруханаға жеткізілді.

Кевин Коверттің айтуынша, 20 қарашада өтетін кездесуде батыс дипломаттары бүлік туралы толық мәлімет алуды көздеп отыр. "Біз Душанбені бұл бүлікті дұрыстап зерттеп, жазасын өтеушілердің құқықтарын бұзған кінәлілерді жазаға тартуға шақырамыз",- деді ол.

Тәжікстан билігі бұл колониядағы бүлік туралы әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Жақында №3/3 колониясының басшысы Файзулло Сафарзода ұсталғаны белгілі болды. Оған қызмет бабын асыра пайдалану және салықтық таныту айыптары тағылған.

Соғды облыстық прокуратурасы "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

источник: centralasian.org