11 ноября 2019
Тәжікстанда биыл шамамен 14 мың әйел жасанды түсік жасатқан. Олардың шамамен бір мыңға жуығы - 15-тен 19 жасқа дейінгі бойжеткендер.
Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі бұндай мәліметке алаңдап отыр. Өйткені бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Дәрігерлер жас қыздарға жасанды түсік жасату салдары ауыр тиетінін ескертеді.
Тәжікстан қоғамында тұрмысқа шықпаған қыздардың сексуалдық қатынасқа түсуі қатаң сыналады, сол себепті ата-аналар некеге тұрмай жүкті болып қалған қызға жасанды түсік жасатқызады.
Дүниежүзі денсаулық сақтау министрлігі статистикасына сәйкес, жыл сайын әлемде 50 миллионнан астам жасанды түсік жасалады.