Қашқадария облысы Касан ауданының 40 жастағы тұрғыны 15 қыркүйекте өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Мектептен оралған қызы арқанға асылып тұрғын анасын құтқарып қалған.
Әйел 2018 жылдың аяғында өзін өртеуге талпынған. Бұған оның 14 жастағы қызын зорлаған көрші жігіттің жазадан құтылып шығуы себеп болған.
"Аулаға кіргенім сол еді, үйдің дәлізінде асылып қалған анамды көрдім. Айқалаған күйі асханаға қарай жүгіріп, пышақ алып шықтым. Арқан оңайлықпен кесіле қоймады, өйткені қолым жете қоймады, сол себепті анамның маңдайын аздап жаралап алдым. Әйтеуір арқанды кестім. Сөйтіп анамды екінші мәрте ажалдан құтқарып қалдық" дейді оқушы қыз.
Оның айтуынша, 2018 жылы 2 желтоқсанда өзін өртеуге талпынған "Анам бізге "бензин әкеліңдер" деп айта берді. Біз оны орындамадық. Бір күні ол баняға кіріп, үстіне өрт қойған. Синтетикадан тігілген көйлек бірден өртенген. Сол кезде дәрігерлер анамның денесінің 40 пайызы күйіп қалғанын айтқан".
Оқушы қыз 2017 жылы тамызда оны көршінің 20 жастағы баласы зорлағанын айтты.
"Үйде жалғыз едім. Ол темір сұрап келді. Мен сұраған затты іздеп жертөлеге түскенде, ол артымнан еріп кірді. Қолымен аузымды жауып, зорлады. Болған жағдайды біреуге айтсаң, өлтірем деп қорқытты. Екі аптадан соң ол мені тағы зорлады" дейді кәмелет жасқа толмаған қыз. Оқушы аяғы ауыр екенін туатын уақыт жақындағанда ғана білген.
"2018 жылы сәуірде мен ауырдым. Анамның әпкесі мені жекеменшік клиникаға алып барды. Дәрігер тоғыз айлық бала көтеріп жүргенімді айтты. Мен оны білмегенмін, өйткені ішім білінбеді. Дене шынықтыру сабағында секіріп, азу үшін көп жүгірдім" дейді ол.
15 жастағы оқушы 2018 жылы 10 мамырда қыз босанды, бірақ дәрігерлер нәрестені оған көрсетпеген...