Трамп: АҚШ пен Қытай сауда келісімі жасалатын орынды анықтайды

4 ноября 2019 Трамп: АҚШ пен Қытай сауда келісімі жасалатын орынды анықтайды

АҚШ президенті Дональд Трамптың 31 қазанда мәлімдеуінше, Құрама Штаттар мен Қытай екі ел арасында сауда келісі жасалатын орынды анықтайды. Сол жерде Трамп пен Қытай президенті Си Цзиньпин кездесіп, әлем экономикасына зиян тигізген сауда соғысын аяқтауға тырысады.

Бір күн бұрын Чили билігі Азия-Тынық Мұхит экономикалық әріптестігі саммитін өткізуден бас тартты. Форум бір жарым жылдан бері сауда соғысын жүргізіп келе жатқан АҚШ пен Қытайды татуластыруға көмекстесуі керек еді.

"Қытай мен АҚШ сауда келісімінің алғашқы бөліміне қол қойылатын жаңа орын таңдайды" деп мәлімдеді Трамп twit-хабарламамен.

"Кездесу өтетін орын жақында жарияланады. Президент Си пен президент Трамп құжатқа қол қояды!" деп мәлімдеді Трамп.

Чили билігі елде үкіметке қарсы наразылықтардың күшеюіне байланысты, биылға жоспарланған ірі форумдардан бас тартуға мәжбүр болды.