29 октября 2019
Қазақстанның Қарағанды облысының Нұра ауданында "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорынның инспекторлары мен полиция қызметкерлері атып өлтірілген 72 бөкенді тапты.
Мәліметке қарағанда, браконьерлер олардың мүйіздерін аралап, алып кеткен.
Қазір киіктерді өлтірген адамдарды анықтау және қолға түсіру істері жүріп жатыр. Осы мақсатта облыстық ішкі істер органдары толық құрамда тартылып, блокпосттор қойылған. Қазір көліктерге рейд жүргізіліп жатыр.
Биыл қаңтар айында Нұра ауданында браконьерлер тобын қолға түсіру кезінде "Охотзоопром" кәсіпорнының қорықшысы Ерлан Нугалиев өлтіріліп, оның серігі Петр Ницык қатты жарақат алған. Бұл іс бойынша сот отырысы 31 қазанға белгіленді.