9 ноября 2018
Биыл 6 қарашада Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, АҚШ және ЕҚЫҰ орталығы, БҰҰ, ЮНИСЕФ даму бағдарламалары мен БҰҰ-ның аймақтық орталығы өкілдері Түркіменстанның Ахал уәлаятындағы түзету мекемесіне барған. Бұл жөнінде Түркіменстанның сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланған.
Ресми мәлімдемеде түзету мекемесінің аты, орналасқан жері айтылмаған. Дипломатиялық корпус өкілдері абақтының жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және жазасын өтеушілердің жағдайымен танысқан.
Ал SNG.Today басылымы дипломат өкілдері абақтыдағы жалпы жағдайға оң баға берді деп жазады.
Көп жылдардан бері Түркіменстан үкіметі халықаралық бақылаушыларды түзету мекемелеріне жіберген емес. Осы үшін түркімен билігі үнемі сыналып келген.