9 ноября 2018
Еуропалық одақты және көршілермен жақсы қарым-қатынас саясатын кеңейту жөніндегі еуропалық комиссар Йоханнес Хан Түркияның Еуропалық одаққа болашақта мүше болуы мүмкін емес" деп мәлімдеді.
Die Welt неміс басылымына сұқбат берген ол Түркияның ЕО-ға мүшелікке кіру жөніндегі келіссөзді тоқтатып, өзге стратегиялық әріптестермен жұмыс істеу, әділетті болар еді деп атап өткен. Хан қазіргі уақытта Түркия билігімен еуропалық интеграция уақытша тоқтап тұр деді.
Түркияның Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөз 2005 жылы басталған. Йоханнес Хан содан бері Түркия автократиялық бағытқа бет алып барады дейді. Франция мен Австрия Түркияның Еуроодаққа кіруіне үзілді-кесілді қарсы.