Қырғызстанның екі шахтасында алты адам қаза тапты

7 октября 2019 Қырғызстанның екі шахтасында алты адам қаза тапты

Қырғызстанның Баткен облысындағы Кызыл-Кии және Сулюкты қалаларындағы шахталарда қайғылы жағдай болып, алты адам қаза тапқан.

Бұл жөнінде елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Кызыл-Кие қаласындағы қайғылы оқиға 6 қазанда болған. Онда үш кенші қаза тапқан. Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз.

Ал Сулюкты қаласындағы шахтадағы апат 5 қазанда болған. Газдан уланған бес кеншінің үшеуі бірден жан тапсырған. Қайтыс болғандар бір-біріне туыс болып шыққан. Қалған екеуі ауруханаға жеткізілген.

Қырғызстанда 2017 жылы өндірістік апаттан 24 адам қаза тапқан. 2018 және биылғы жылдарға қатысты нақты мәлімет жоқ.