Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты - видео

23 сентября 2019 Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты - видео

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болғанын жеткізді

 Қытайлық миллиардер, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында президенттің телерадио кешеніне сұқбат берді.

Қытай бизнесменінің сұқбаты "Барыс пен айдаһар стратегиясы: өзара құрмет және мәңгілік серіктестік" атты деректі фильмге енген.

"Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден тамаша әсер алдым. Ол - мықты көшбасшы, адамды жігерлендіреді. Туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болдым. Кездесу керемет өтті", - дейді Джек Ма.

Ол Қазақстанда үш-төрт рет болғанын атап өтіп, қазақ елін не үшін жақсы көретінін айтты.

"Әр сапарымда маған бірнеше нәрсе қатты әсер етті. Мемлекеттің көркемдігі, ұлы тұлғалары, қаһармандары, сондай-ақ халықтың еңбекқорлығы. Қазақстанға барған сайын көрікті жерлерді аралаймын. Елдеріңізді, мәдениетіңізді жақсы көремін, жаңа достар тапқанды ұнатамын. Геннадий Головкин сынды қаһармандарыңыз бар! Сіздерде өте қонақжай адамдар тұрады", - дейді миллиардер.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға мемлекеттік сапармен барді. Президент сапары аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізді, сондай-ақ Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездескен.