Гонконгта наразылық акциясына қатысушылар әуежайға кіреберісті жапты

2 сентября 2019 Гонконгта наразылық акциясына қатысушылар әуежайға кіреберісті жапты

Жексенбі күні Гонконгта наразылық акциясына қатысушылар полиция қарсылығына қарамастан, халықаралық әуежай алдын жапты.

Әуежай әдеттегідей ұшақтарды қабылдап, ұшырып жатыр. Бірақ оған баратын жол жабық. Наразылық білдірушілер әуежайға баратын жүрдек пойыздың да қозғалысына кедергі келтірді. Станциялардың біріндегі видеокамераларды сындырды."Егер біз әуежай жұмысын бұзсақ, онда әлемнің барлық адамдары елде не боп жатқанын біледі", – деп Reutersагенттігі акцияға қатысушылардың бірінің сөздеріне сілтеме жасап.

Полиция барынша қарсылық көрсетіп жатыр, бірнеше адам ұсталды. Әлеуметтік желілерде полицияның метро вагонындағы наразыларды ұрып жатқаны жөнінде видео тарап кетті.

Жексенбі кешке қарай наразы топ әуежайды тастап, жартылай жолды ашты.

Гонконгте акцияның жалғасып келе жатқанына үш айдан асқан. Оған қатысушылар қылмыстық іс бойынша айыпталушыларды Қытайға экстрадициялауға мүмкіндік беретін заң жобасының талқылануына қарсы және аралдың Пекиннен тәуелсіз саясат жүргізуін талап етеді.

Сенбі күні шерушілер қала орталығында баррикада құрып, оларды таратпақ болған арнайы жасақ өкілдеріне жанғыш заты бар бөтелкелер лақтырып, қарсылық танытты. Полиция оларға көзден жас ағызатын газға толы құтылар лақтырды.

Жұма күні Reuters агенттігі дереккөзге сүйене отырып, Пекин экстрадиция туралы заңды кері қайтару туралы Гонконг билігінің өтінішін қабылдамады деп жазған.