Қытай Тәжікстанда мұнай өңдейтін зауыт құрылысын аяқтадыҚытай Тәжікстанда мұнай өңдейтін зауыт құрылысын аяқтады

2 сентября 2019 Қытай Тәжікстанда мұнай өңдейтін зауыт құрылысын аяқтадыҚытай Тәжікстанда мұнай өңдейтін зауыт құрылысын аяқтады

СNPC (Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы) компаниясының еншілес кәсіпорны Тәжікстанда мұнай өңдейтін зауыт (МӨЗ) құрылысын аяқтады. МӨЗ жылына 300-ден 500 мың тоннаға дейін мұнай өндірмек.

Зауытты "TK-Oil" бірлескен тәжік-қытай компаниясы "Даңғара" экономикалық аймағына салған. Былтыр тәжік билігі "TK-Oil" компаниясының иесі Тәжікстанның "Хасан и Ко" компаниясы мен Қытайдің Dong Ying heli Investment and Development Co. Ltd кәсіпорны деп атаған. Бұл CNPC-тың еншілес кәсіпорны.

«Asia Plus» агенттігі 2013 жылы "TK-Oil” компаниясының 90 проценті Қытайдың Dong Ying heli Investment and Development Co. Ltd кәсіпорнына, ал тек 10 проценті "Хасан и Ко" компаниясына тиесілі деп мәлімдеген.

Қазіргі кезде қытай компаниясы Қазақстанмен мұнай импорттау жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Тәжікстан мұнайдың негізгі бөлігін Ресейден тасиды. Бұл мемлекет келісім-шартқа сәйкес, Тәжікстанға бір миллион тоннаға дейін салықсыз мұнай сатады.

Ресми статистика бойынша, Тәжікстан 2018 жылы 310,8 млн долларға 446 мың тонна мұнай сатып алған.