Құрама Штаттар сенбі күні Сирияның солтүстігіндегі "Әл-Қаида" террористік тобымен байланысы бар деген аймаққа әуе шабуылын жасады.
АҚШ-дың Қарулы күштері соққы «америкалық азаматтарға, біздің әріптестер мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап, қорқыныш туғызған «Әл-Қаиданың» жетекшілеріне қарсы бағытталған деп мәлімдеді.
Бас кеңсесі Британияда орналасқан, адам құқықтарына мониторинг жасаған Сириядағы орталық бұл шабуылдан қырыққа жуық адам өлкенін, оның ішінде «Әл-Қаида» тобының лидерлері барын растады.
Ресейдің қорғаныс министрлігі Идлибтегі соққыны айыптады. Министрліктің мәлімдеуінше, америкалықтардың соққысынан бейбіт тұрғындар өліп, көптеген ғимараттар талқандалған. Мұнан бөлек Америка шабуыл жасаймыз деп Ресей мен Түркияны ескертпеді деп отыр.