Қашқадария облысы Яккабаг ауданы әкімінің орынбасары Мансур Туймаевқа бензин құйып өртемек болған кәсіпкер бостандыққа шықты.
Ол сот-психиатрия сараптама қорытындысы негізінде 29 тамызда бостандыққа шыққанын мәлімдеді.
Аdvokatnews.uz сайтының жазуынша, кәсіпкер Бахриддин Исомовқа қатысты бұлтартпау шарасы алынып тасталған. Оған сараптама қорытындысы негіз болған. Каршин мемлекеттік университетінің психология факультеті ғалымдары «оқиға кезінде кәсіпкер аффект жағдайында болған» деген қорытындыға келген.
Бахриддин Исомовт экс-шенеунік үйіне келіп өзінен кешірім сұрағанын айтады.
– Ол үйге келді, менен кешіріп сұрады, мен кешірдім. Өзім де істеген әрекетім үшін кешірім сұрадым. Қазір бәрі жақсы, – деді кәсіпкер.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде кәсіпкер аудан әкімі орынбасарының үстіне бензин құйып, өртемек болған.
Куәгерлердің айтуынша, кәсіпкер несиеге алған екі қабатты дүкенін сүруге қарсылық білдірген.