1 шілдеде түркімен газын Ресейге тасымалдайтын "Түркіменгаз" бен "Газпром" арасындағы уақытша келісімнің мерзімі аяқталды.
Осыған дейін тараптар келісімді бес жылға созуды қарастырып жатыр деп хабарланған. Мамыр айының ортасында Ресейдің энергетика министрінің орынбасары Анатолий Яновский Түркіменстаннан жылына 10 млрд текше метр газ алуымыз мүмкін деп хабарлаған. Бірақ әлі күнге дейін келісімнің созылғаны жөнінде мәлімет жоқ.
Ресейлік "Газпром" 2016 жылдың басында түркімен газын сатып алудан бас тартқан. Тараптар баға саясатымен келіспеді.
Ресей "Түркіменгаз" келісім шартын бұзды деп айыптап, одан өтемақы талап еткен. "Газпром" Түркіменстанды Стокгольм сотына беріп, алдын ала төлеген 5 млрд долларды қайтаруды талап еткен.
Түркіменстан болса, Ресей 2015 жылдан бері газ үшін ақша төлемеді деп айыптады.
Ондаған жыл бойы Ресей түркімен газын негізгі сатып алушы болып келген.