4 июля 2019
Тәжікстан үкіметі Пенджикенттегі жаңа тәуелсіз "Ориённур" телеарнасының лицензиясын қайтарып алды.
"Ориённур" телеарнасының алғашқы бағдарламасы эфирге 27 маусымда шығуы керек болған, бірақ екі күн бұрын тәжік билігі оның лицензиясын қайтарып алған. Бұны үкімет техникалық қиындықтармен түсіндірген. Бірақ телеарна құрылтайшылары бұны "сылтау ғана" деп отыр.
Жаңа телеарнаның директоры Сино Ниёзовтың айтуынша эфирге телеарнаның бірқатар сынақ бағдарламалары шыққан соң, билік таратылымды уақытша тоқтатуды талап еткен.
Жаңа телеарна лицензия алған жағдайда, "Ориеннур" Пенджикенттегі екінші тәуелсіз телеарна атанады.
Қазіргі таңда Тәжікстанда 34 телеарна тіркелген, олардың шамамен жиырмасы - тәуелсіз телеарна.