Мәскеудің Батыс әкімшілік округы бойынша заңсыз есірткімен күрес жөніндегі бөлім басшысы Андрей Щиров журналист Иван Голуновқа қылмыстық іс қозғағаны үшін қызметінен алынды.
Тергеу барысында оны уақытша қызметінен аластатты деп хабарлайды Ресей ІІМ.
Щировты қызметінен уақытша алғаны жөнінде маусым айының соңында РБК басылымы хабарлаған. Бірақ ресми органдар бұл ақпаратты растамаған.
"Голунов ісі" бойынша екі полиция генералы да отставкаға жіберілген.
Щировтың қол астындағы қызметкерлері "Медуза" журналисі Иван Голуновты 6 маусымда ұстаған. Олар журналистің үйінде және сөмкесінде есірткі табылды деп мәлімдеген. Голуновты қорғауға арналған жаппай кампаниядан кейін, ол 11 маусымда босатылды. Оған қарсы қозғалған қылмыстық іс жабылды. Голунов ұсталарының алдында жоғары лауазымды тұлғалардың сыбайласқан жемқорлығы жайында журналистік зерттеу жасаған.