Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекені бекіту туралы арнайы қаулы шығарған
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді.
"Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ", - деп атап өтті президент.
Қазақстанда БАҚ өкілдері кәсіби мерекесін 28 маусымда – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні тойлайды. Әуелі бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен 10 мамырда аталып өтетін еді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің "баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай 28 маусымға ауыстырылды.
Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20190624/10652770/qazastanda-tagy-bir-mereke-bekitiledi.html