19 июня 2019
Ұлыбританияның Қырғызстандағы бұрынғы елшісі Робин Орд Смит республиканың бизнес-омбудсмені болып сайланды. Бұл туралы ақпарат құралдарына сарапшы Азамат Акенеев хабарлаған.
Құрамына бизнес-қауымдастықтар, үкімет пен Еуропадағы даму және қайта құру банкінің өкілдері кіретін бақылау кеңесінің мүшелері бизнес-омбудсменге Робин Орд Смитті сайлаған.
Бұл қызметкер 100 адам өтініш түсірген. Дауыс беру екі кезеңнен тұрды.
Жыл басында Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев бизнес-омбудсмен институтын құру туралы үкімет қаулысына қол қойды. Бұл институт кәсіпкерлердің құқықтарын, еркіндіктерін және мүдделерін қорғайды.
Бизнес-омбудсмен институтына 1,5 млн евро бөлінді. Қаражатты Еуропадағы даму және қайта құру банкі аударды.