Өзбекстан Ресейде қайтыс болған азаматтардың денесін елге тегін жеткізеді

19 июня 2019 Өзбекстан Ресейде қайтыс болған азаматтардың денесін елге тегін жеткізеді

Бұл туралы 18 маусымда Өзбекстан еңбек қатынастары және жұмыспен қамту министрі Шерзод Кудбиев баспасөз конференциясында хабарлады. Бұның алдында өзбекстандықтар ел президенті Шавкат Мирзияевтан "екі жүзінші жүкті" елге тегін жеткізуін сұраған еді.

"Мен Өзбекстан азаматтарына "екі жүзінші жүкті" рәсімдеуді жеңілдетуді тапсырдым. Осы уақытқа дейін біз патент көшірмесін, салық төлемінің көшірмесін сұратсақ, қазір бұл құжаттар қажет болмай қалды. Бұған қоса, мемлекет "екі жүзінші жүкті" тасу шығынын көтереді", - деді министр.

Кудбиевтің айтуынша, Ресейдің түрлі аймақтарында уақытша ұстау орталықтарында отырған азаматтарды елге қайтаруға министрлік көмектеседі.