17 июня 2019
Ресей президенті Владимир Путин 13 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің басшыларының кеңесіне қатысу үшін Қырғызстанға барды.
"Манас" халықаралық әуежайынан оны қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков күтіп алды. Сол жерде екіжақты кездесу өтті.
Жээнбеков Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтап, мемлекет басшыларының әрбір кездесуі өзара әріптестіктің терең дамуына мүмкіндік береді деп атап өтті.
Путин болса ШЫҰ саммиті халықаралық күн тәртібіндегі ең маңызды шаралардың бірі деп, Қырғызстанда өтетін кезекті саммит сәтті өтеді деген сенімін білдірген.