Ақтауда полициядан қашқан жүргізуші жол апатына ұшырады – видео

11 июня 2019 Ақтауда полициядан қашқан жүргізуші жол апатына ұшырады – видео

Жол қозғалысы ережесін бұзушы полицейлерден қашып кетпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Ақтауда 9 маусым күні жол қозғалысы ережесін бұзып, апатқа ұшыраған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болды.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері жол талғамайтын көлік бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін көріп, жүргізушіден дауысзорайтқыш арқылы тоқтауды сұраған, деп жазды "Лада".

Алайда тәртіп бұзушы бұл талапты елемей, жазадан жалтармақ болып, "Ақтау" сауда ойын-сауық кешеніне қарай кетіп қалған. 12А шағын ауданында рөлге ие бола алмай, жол белгісінің бағанына соғылған. Көлікте жүргізушімен бірге жолаушы болған.

Полиция аталған оқиға бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа берілді.