20 мая 2019
Тайвань депутаттары бір жынысты некені заңдастыратын заң жобасын қабылдады. Осылайша Тайвань Азияда осындай заң қабылданған алғашқы ел атанды. Заң 24 мамырда күшіне енеді.
Екі жыл бұрын Тайванның Конституциялық соты әйел мен еркек арасындағы неке туралы заңды конституцияға қайшы деп таныды.
"2019 жылы 17 мамырда Тайванда махаббат жеңіске жетті. Біз теңдікке бір қадам жақындап, Тайванды жақсы елге айналдырдық", – деп жазды ел президенті Цай Инвэнь.
Тайвань осындай заң қабылдау арқылы ЛГБТ мәселесінде Азиядағы ең прогрессивті елдердің бірі атанды.
2018 жылы Үндістанның Жоғарғы соты бір жынысты секске қылмыстық жаза қолдануды жойды. Бұған дейін гомосексуалдар сексі үшін Үндістанда он жылға дейін түрме жазасы қолданылып келген.