16 мая 2019
АҚШ қорғаныс министрлігі егер Иран ядролық қару шығаруды тездететін болса, 120 мың сарбазды Таяу Шығысқа жіберу керек деп ұсыныс жасаған. Бұл жөнінде The New York Times басылымы Ақ үйдегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Мақалада тиісті жобаны АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Патрик Шэнахэн ұсынған. Бұл бастаманы о бастан ұсынып жүрген АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон болатын.
Газеттің жазуынша, бұл жобада Иран аймағына арнайы операция жүргізу керек деген сөз жоқ. Егер мұндай шешім болса, тым көп сарбазды жіберу туралы ұсыныс болар еді деп көрсетеді.