16 мая 2019
Өзбекстанда биыл жоғары оқу орнына түсудің жаңа ережесі қабылданды. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.
Биыл оқу орнына түсудің тест емтихандары шілде-тамыз айларында өтеді. Тест нәтижесі келесі күні жарияланады.
Мұнан бөлек өзбек талапкерлері үш оқу орнына бір уақытта құжаттарын тапсыра алады.
Құжаттарды тек мемлекеттік қызмет көрсету біріңғай орталықтарында ғана қабылдайды. Орталық оқуға түскен талапкерден келесі жылы 12 доллар өндіріп алады.
Жаңа қабылданған ережеге сәйкес, 2020 жылы өзбек талапкерлері үш емес бес пән бойынша емтихан тапсыратын болады.