"Түркімен әуе жолдары" рейстері Еуропаға қайта қатынай бастайды

6 мая 2019 "Түркімен әуе жолдары" рейстері Еуропаға қайта қатынай бастайды

Түркіменстанның ұлттық әуе компаниясы Ашхабад-Франкфурт, Ашхабад-Лондон және Ашхабад-Бирмингем рейстерін қайта іске қосады. Осылай деп әуе компанияның ресми сайтында жазылған.

Ұшақтар кестеге сәйкес, 1 маусымнан бастап Еуропаға ұша бастайды.

4 ақпанда Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігі (EASA) түркімен рейстеріне халықаралық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп, Еуропаға ұшуға тыйым салған.

Ақпан айының ортасына түркімен әуе компаниясы «Lufthansa Consulting» компаниясынан кемшіліктерді жоюға көмек сұраған.

Independent газетінің жазуы бойынша, түркімен ұшақтарына билет алған 5 мың жолаушы зардап шеккен.