Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

30 апреля 2019 Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

Жақында Қытайдың Чанша қаласында Хунан тв арнасының «Мен әншімін» байқауы аяқталғаны белгілі. Димаш екінші орын алған байқаудың финалына оның анасы, белгілі әнші Светлана Айтбаева барып қайтқан болатын. Сапардан соң «Ақтөбе» газетіне арнайы келген Света ханым өте бір қызық дерек айтты.

Финал алдында Димашқа Си Си атты қытайдың бойжеткені әдемі сый жасапты. Ол бір ай бойы тапжылмай отырып, ұсақ моншақтардан Димаштың портретін жасаған. Финалға дейін үлгере алмай қалам ба деп қатты уайымдаған көрінеді. Үлгеріп, дәл шешуші сынның алдында сүйікті әншісін қуантқанына өзі де мәз болыпты.  Сол сыйлықты елге алып келмек болған Светаны әуелі Чанша әуежайы қызметкерлері жібермей, біраз кідірткен. Өйткені әуежай тәртібі бойынша биіктігі 1 метрден асатын портретті ұшаққа алып кіруге болмайды.

Алайда Чаншада Димаштың фанаттары шулап жүріп, Светаны арнайы қызыл жолақтан өткізіп, қолындағы портретпен бірге ұшаққа мінгізіп жіберген. Бірақ Үрімшідегі әуежайда портретті өткізбей қойыпты. Қазір оны тілеулес жандар автобуспен алып келе жатыр екен.

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ, aktobegazeti.kz