22 апреля 2019
Ташкентте қаржы пирамидасының негізін салған тағы бір адам бас прокуратура тарапынан ұсталған.
«Хукук» газетінің жазуынша, Босит Ходжаев (аты-жөні өзгертілген) «Ахмадбай сценариі» бойынша тұрғындардан ақша, көлік, мал және басқа да құнды заттарды алып, оны 200 процентпен қайтарамыз деп жалған уәде беріп келген. Жаңа «Ахмадбай» қысқа мерзім ішінде 3 млрд 42 млн 302 мың сум (357 мың доллар) жинап үлгерген.
Ол халықтан алған құнды дүниелерді заңдастыру үшін жауапкершілігі шектеулі екі компания ашқан. Тергеу барысында байлыққа кенелеміз деп үміттенген 350 адамның ақша бергені белгілі болған.
Босита Ходжаевқ алаяқтық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.